RU

"Жээнбековті отставкаға кетуге мәжбүрледі": Қырғызстан экс-премьері мәлімдеме жасады

Қырғызстанның экс-премьері
Феликс Кулов. Фото: Nazarnews.org

Қырғызстанның экс премьер-министрі Феликс Кулов Сооронбай Жээнбековті отставкаға кетуге әлдекімдер мәжбүрлеген болуы мүмкін деп есептейді. Ол бүгінгі жаңалықтарға қатысты өз пікірін Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін президентпен өткен кездесу сағат түскі бірде аяқталды. Ол жиынға мен және қоғам қайраткерлерінің бір тобы қатысты. Отырыста отставка туралы мүлде сөз қозғалған жоқ. Жиналыс біткен соң резиденцияға Садыр Жапаров пен Камчыбек Ташиев келді",- деп бастады Кулов әңгімесін.

Саясаткердің сөзінше, сол кездесуден кейін күтпеген жағдай орын алған.

"Күтпеген жаңалық: президент бірден өз ойын өзгертіп, отставкаға кетеді. Бұдан шығатын қорытынды бір: әлдебір күштер (ерте ме, кеш пе, қандай күш екені белгілі боларына сенімдімін) билікті күшпен иемденуді шешкен. Осылайша, олар президентті таңдау алдына қойған: өз еркімен отставкаға кету немесе нағыз соғыс.

Әйтпеген жағдайда, елдегі осындай дағдарыс кезеңінде ешкім жайдан-жай қызметтен кетпейді...",- деді бұрынғы премьер-министр.

Кулов елде президент отставкаға кеткен жағдайда биліктің берілу ережесі туралы да сөз қозғады.

"Енді парламентті тарату туралы талаптар пайда болды. Бұдан кейін елдегі бар билік премьер-министрдің қолына өтеді.

Қызық, ары қарай не болатыны алдын ала әлдекім жазған сценарий бойынша енді түсінікті болып келе жатқан сияқты ма?",- деп жазды саясаткер соңғы сұрақты ашық талқыға тастап.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан үкіметінің басшысы Садыр Жапаровтың жақтастастары президент отставкаға кеткеннен кейін парламенттің таратылуын талап етті.

Ал митингіде Садыр Жапаров жақтастарының алдында өзіне президент өкілеттігі берілгенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879883-zeenbekovti-otstavkaga-ketuge-mzbrledi-kyrgyzstan-eks-premeri-mlimdeme-zasady.html