Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицей трансгендер қызды буындырып өлтірген: Ресейде сұмдық қылмыс ашылды

Опубликовано:

Ресейдегі трансгендер
Виктория Басаковская. Фото: zakon.kz

Ресейдің Новосибирск қаласы маңында Қазақстан тумасы, трансгендер Виктория Басаковскаяны өлтіріп кетті. Қылмысқа бойжеткеннің сүйіктісі, полицей Денис Калинин күдікті ретінде танылып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қылмыс ағымдағы жылдың 5 қазанында Новосибирск облысы Искитим ауданы Бурмистрово ауылында болған. Сол күні 24 жастағы Виктория Басаковская 20 жастағы полиция қызметкері Денис Калининнің үйіне қонаққа барған деп жазады Тайга. Инфо басылымы.

Төлқұжат бойынша марқұмның аты - жөні - Николай Басаковский. Ол Петропавлда дүниеге келіп, әжесі мен қарындасымен бірге тұрған.

9- сыныптан кейін Николай Қазақстандағы өнер колледжіне оқуға түседі. Ал 2013 жылы Түмен мәдениет мемлекеттік институтының өнер колледжіне ауысады. Кейіннен Челябі мен Новосибирск қалаларында оқиды.

Ал бойжеткенді өлтірді деген күдікке ілінген Денис Калинин 1999 жылы дүниеге келген. Колледж тәмамдаған соң ол бірден әскерге кетіп, оралған соң полицияға қызметке орналасқан.

Ресейдегі трансгендер
Виктория Басаковская. Фото: startgames.org

Денис пен Викторияның таныстығы 2019 жылы басталады. Ғашықтар таныстарының айтуынша, ата-аналары олардың ара-қатынасына қарсылық танытқан екен. Ал Денис қызғаныштан өзін агрессивті ұстап, физикалық күш қолданған кездері де болыпты. Марқұм үнемі сүйіктісі өзін ұрғанын, тұншықтырғанын айтып, шағымданып жүрген екен.

Күдікті Денис Калинин
Күдікті Денис Калинин. Фото: tayga.info

Денис пен Виктория 2020 жылдың көктемінде айырылысып кетеді. Алайда, сержант Викторияның соңынан қалмай, подъезд маңында күзете бастаған. Олар айырылысқан соң да сөйлесуді жалғастыра берген. Ал қаралы күні бойжеткен Бурмистроводағы Денистің үйіне кешке кеткен.

5 қазан күні Викторияның құрбысы одан күтпеген хабарлама алады. Хатында қыз бұрынғы сүйіктісі Максимді (полицейге дейін кездескен) түсінде көргенін, Бердск қаласына сол жігітке кеткісі келетінін айтады. Бірақ, марқұмның туыстары хатты Денис жазды деп есептеп отыр. Олардың пікірінше, Виктория бұл уақытта тірі де болмауы мүмкін.

Ресейдегі трансгендер
Виктория Басаковская. Фото: tayga.info

Денис Калинин қыздың жоғалғаны жайлы өзі хабарлап қана қоймай, іздеу жұмыстарына атсалысқан. Полицей күдікке тек бір аптадан кейін ғана ілінді. Себебі, оның сөзіндегі сәйкессіздіктерді өз әпкесі мен марқұмның құрбысы байқап, тергеушіге жеткізген.

"Ол маған, Кристинаға, Викторияның анасына түрлі жауап берді. Оны куәгерлер көрген, ол жайында өзі білмейді. Виканың нөмірінен бізге сауатсыз хаттар жазды. Ол хаттарды Вика жазуы мүмкін емес еді (сондай-ақ, ол Виканың бұрынғы жігітін іске араластырып, өзіне күмән тумағанын қалады. Бірақ, біз Максиммен (бұрынғы сүйіктісі- ред) хабарластық, олардың сөйлеспегеніне жарты жылдан асқан). Біз оның психологиялық тұрғыда сау емес екенін де білдік", - деді полицейдің әпкесі.

Калинин 12 қазан күні тұтқындалған. Тергеу комитетінің ақпарынша, полицей Викторияның денесі қайда жатқанын 13 қазан күні көрсеткен. Оның денесі Бурмистрово ауылынан 700 шақырым қашықтықта табылған.

Тергеу нұсқасы бойынша, Денис қызды буындырып, денесін ауылдан шығарып, жасырып тастаған. 20 жастағы полицей РФ ҚК 105- бабы 1- бөліміне (Кісі өлтіру) сәйкес, өз кінәсін мойындаған.

Ол марқұм өзіне тіл тигізгенін айтқан. Искитим аудандық соты Калининді 13 желтоқсанға дейін қамауға алды. Ол органнан қуылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1879886-resejlik-policej-kazakstandyk-transgender-kyzdy-ltirdi-dep-kdiktelude/

pixel