RU

Алматыда жалдамалы пәтерлерде қыз зорлау қылмысы көбейген

Зорлау фактісі1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыдағы жалдамалы пәтерлерде қылмыс көбейген, олардың дені қыз зорлаумен аяқталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Бір ғана Алматыда жыл басынан бері 25 қыз зорлау фактісі тіркелген.

"Бәрі де жалдамалы пәтерде болған", - дейді тәртіп сақшылары. 17 жігіттің кінәсі дәлелденіп, үкімі шығып қойған. Ал қалғаны тергеудің соңын күтіп, уақытша қамау абақтысында. Кәмелетке толмағандар бұл статистикада жоқ.

"Зорлады" деп арызданғандар 20-35 жас аралығындағы қыз-келіншектер екен. Полиция әйелдер жалдамалы пәтерлерге "өз келісімімен" барған дейді. Барлық жағдайда қос тарап та ішімдік қолданған көрінеді.

Тергеу кезінде қыз-келіншектердің көбі тек көңіл көтермек болғанын айтып ақталыпты. Ал пәтер бір түнге қонып шығуға алынған. Жалдамалы пәтерге барып, соңында опық жеген жайттардың жиілеуіне байланысты тәртіп сақшылары қыз-келіншектерді сақ болуға шақырып отыр.

"Бейтаныс немесе жақсы танымайтын азаматпен жалдамалы пәтерге барудың қажеті жоқ. Бұл түсітікті жайт қой, жалдамалы пәтердегі оқиға немен аяқталатыны. Жалдамалы пәтерге көбінесе өз келісімімен барады. Бірақ өз түсіндірмелерінде жәбірленген тараптар оқиғаның "осылай өрбитінін білген жоқпын" деп жазады", - дейді Салтанат Әзірбек Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, бұған дейін қызылордалық ана қызын екі ауылдасы зорлағанын айтып жанайқайын жеткізген еді.

Сондай-ақ 19 жастағы мұғалімді зорлаған павлодарлыққа сот үкімі шыққанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879896-almatyda-zaldamaly-pterlerde-kyz-zorlau-kylmysy-kbejgen.html