RU

Туған күніне сыйлық алған Тараз әкімінің орынбасары сөгіс алды

сыйлықтар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Тараз әкімінің орынбасары туған күніне сыйлық алғаны үшін сөгіс алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тараз әкімінің орынбасары Алмас Садубаевтың бұған дейін әлеуметтік желіде сыйлық алған видеосы тараған болатын. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі шенеунікке қатысты тәртіптік іс қаралып, оның сөгіс алғанын мәлімдеді.

"Жамбыл облысының Этика кеңесі Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаевқа қатысты тәртіптік істі қарады. Бұған дейін әлеуметтік желіде кабинетінде отырған Садубаевтың сыйлық алғандағы әсері түсірілген видео тарап кеткен еді", - деп жазылған хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін парламент шенеуніктерге сыйлық беруге тыйым салатын заң жобасын қабылдап, мемлекет басшысына қол қоюға жіберген еді.

Депутат Жанат Жарасов сенат енгізген өзгерістер заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейтінін айтқан еді.

Кейін президент бұл заңға қол қойған болатын.

Заңда мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және қызмет көрсетуге толық тыйым салынған.

Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама квазимемлекеттік сектор субъектілерінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды сатып алу және іске асыру бойынша негізгі шешімдер қабылдайтын тұлғаларға таратылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879910-tugan-knine-syjlyk-algan-taraz-kimini-orynbasary-zauapka-tartyldy.html