RU

Сарапшы: Президент отставкаға кеткен соң, Қырғызстан азаматтық соғысқа бір табан жақындай түсті

Президент отставкаға кеткен соң, Қырғызстан азаматтық соғысқа бір табан жақындай түсті, дейді сарапшы
Көрнекі фото: Nezir Aliyev/Anadolu Agency via Getty Images

Ресейлік сарапшы Қырғызстан президентінің отставкасы елді заңды көшбасшысынан айырып, билік үшін күрестің басталуына жол ашады, осылайша азаматтық соғыстың да ауылы жақын деп мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ТМД елдері институтының Орталық Азия және Қазақстан бөлімінің бастығы Андрей Грозин ТАСС-қа берген сұхбатында Сооронбай Жээнбековтің президенттіктен кету туралы шешімі Қырғызстанды елдегі саяси ахуалды қалыпқа келтіру мүмкіндігінен айырды деп мәлімдеді.

Сонымен бірге оның пікірінше, мемлекеттік биліктің тағы бір тірегі болып саналатын парламент өзінің басқару қабілетін жоғалтқан.

"Жағдай біршама тұрақтануда деп айтуға мүмкіндік берген әрі бұған дейін жасалған қандай да бір элиталық келісімдер қайтадан бұзылған тәрізді. Сәйкесінше, қазір Қырғызстандағы азды-көпті перспективалық заңды биліктің орталығы құлдырап жатыр", – деді сарапшы.

Грозин республиканы тәртіпсіздік пен қантөгіс басып алады деп санайды. Оның сөзінше, Жээнбековтің "бітіспес қарсыластары" болғанына қарамастан, онсыз елдегі тәртіпті қалпына келтіру процесі өте баяу жүреді.

Сарапшы наразылық нәтижесінде премьер-министр болған, қазіргі президенттің міндетін уақытша атқарушы Садыр Жапаровтың қырғыз халқын біріктіре алмайтынын айтты.

"Оған қарсы тез арада билікті басып алу кезінде оның жақтастарының әдістерін қолданатын наразылар коалициясы құрылуы әбден мүмкін", - деп қосты ол.

Сарапшы қазіргі уақытта Қырғызстанның саяси элитасы билік пен ресурстар үшін күреске баса назар салғанын, бұл шақта халық жоғарғы биліксіз шешуге болмайтын өз проблемаларымен тысқары қалғанын айтады.

"Бұл тәртіпсіздік одан әрі жалғасқан сайын, қарапайым азаматтарға соғұрлым көп қиындық туындайды, бұл экономикаға, медицинаға қатысты, өйткені пандемия анық өршіп келеді. Бішкектегі қылмысқа жасақ қарсы тұра алады, ашық түрде тонаудың алдын алуға болады. Вируспен қылмыскерлермен күрескендей күресуге болмайды, мұнда сыртқы ықпал мен көмек қажет", – дейді ол.

Еске салсақ, Қырғызстанның экс-премьер-министрі Феликс Кулов Сооронбай Жээнбековті отставкаға кетуге әлдекімдер мәжбүрлеген болуы мүмкін деп есептейтінін жазған едік.

Одан бөлек, 15 қазан күні өткен митингіде Қырғызстан премьер-министрі Садыр Жапаров жақтастарының алдында президент өкілеттігі өзіне берілгенін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879919-sarapsy-prezident-otstavkaga-ketken-so-kyrgyzstan-azamattyk-sogyska-bir-taban-zakyndaj-tsti.html