RU

Қырғызстандағы президент сайлауы шамамен қашан өтетіні белгілі болды

Қырғызстандағы президент сайлауының болжалды мерзімі белгілі болды
Көрнекі фото: Abylai Saralayev\TASS via Getty Images

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекова елдегі президент сайлауы мен парламент сайлауы шамамен қашан өтетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Шайлдабекованың айтуынша, парламент сайлауы биыл 20 желтоқсанда, ал президент сайлауы 2021 жылдың 17 қаңтарында өтуі мүмкін.

5 қазан күні Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламент сайлауының нәтижелерімен келіспейтіндер жаппай наразылық шеруіне шықты.

Наразылық білдірушілер мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыстан кейін парламентке өтпеген оппозициялық партиялардың жақтастары президент әкімшілігі орналасқан парламент ғимаратын басып алды.

Қақтығыстарда 1,2 мыңнан астам адам жарақат алды, біреуі қаза тапты.

Қырғызстан премьер-министрі Кубатбек Боронов отставкаға кетті.

Ал президенті Сооронбай Жээнбеков 15 қазан күні халыққа үндеу жасап, отставкаға кететінін жариялады.

Конституцияға сәйкес мемлекет басшысы қызметінен кеткеннен кейін оның өкілеттіктері парламент төрағасына өтеді. Егер спикер өз міндеттерін орындай алмаса, онда республиканың премьер-министрі президенттің міндетін атқарушы болады.

Бейсенбіде өзінің жақтастары алдында сөйлеген Қырғызстан премьер-министрі Садыр Жапаров елдің спикері Қанат Исаев президент болудан бас тартқанын және барлық өкілеттіктер өзіне берілгенін айтты.

Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбеков парламенттің кезектен тыс отырысы кезінде халқынан кешірім сұрады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1879966-kyrgyzstandagy-prezident-sajlauy-samamen-kasan-tetini-belgili-boldy.html