RU

Сарапшы қандай смартфон қолда жарылуы мүмкін екенін айтты

Сарапшы қандай смартфон қолда жарылуы мүмкін екенін айтты
Көрнекі фото: piqsels.com

Батареямен проблемалары бар кез келген смартфон қолда жарылуы мүмкін. Жарылыс ұзақ уақыт зарядтаудан, сумен жанасудан немесе соққыдан туындауы мүмкін деп мәлімдеді "Зияткер қор" компаниясының директоры. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Праймға сілтеме жасап.

"Көбінесе Samsung компаниясының смартфондары жарылып кетеді, бұл дүрбелеңнен кейін компания тіпті Galaxy Note 7 телефондарын сатылымнан алып тастауға мәжбүр болды. Сондай-ақ, Apple өнімдері қолданушылардың қолында жарылған жағдайлар бар, iPhone ғана емес, сонымен қатар iPad", – деп атап өтті Павел Мясоедов.

Мясоедовтің сөзінше, жарылысқа жол бермеу үшін бірнеше ережелерді сақтау керек. Біріншіден, телефонды қыздырып, майыстыруға болмайды. Бұл әрекеттер батареяны зақымдауы мүмкін, бұл күтпеген жағдайларға әкелуі ықтимал.

Сонымен қатар, жарылыс ұзақ уақыт зарядтаудан және жарамсыз зарядтағышты қолданудан туындайды.

Сондай-ақ, смартфонның сумен жанасып, қатты жерге құлауынан жол беруге болмайды. Мұның бәрі батареяны зақымдауы мүмкін.

Телефон батареясының жарамсыздығының белгілері оның ісінуі болып табылады. Оны тез арада ауыстыру керек, деп қорытындылады Мясоедов.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысында 9-сынып оқушысы телефонның жарылуы салдарынан қайтыс болды деген хабар тарағанын жазған едік.

Одан бөлек, Алматы облысында телефонын қуаттау үшін токқа қосып, ұйықтап қалған оқушы қыздың көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1879976-sarapsy-kandaj-smartfon-kolda-zaryluy-mmkin-ekenin-ajtty.html