RU

"Салыстыруға келмейді": Марат Омаров Қайрат Нұртас пен Димашқа қатысты бар ойын айтты

Марат Омаров
Фото: Instagram/ marat_omarov_kz

Қазақстандық өнер саласында өзіндік орны бар әнші әрі композитор Марат Омаров бүгінгі эстраданың басты жұлдыздарына айналған Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайберген жайлы ойын айтты. Өнер иесі қос әртісті салыстыра кетіп, олардың біреусіне реніші бар екенін жайып салды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Марат Омаров қазіргі таңда халықтың ерекше ықыласына бөленіп жүрген Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергенге қатысты қандай ойда екенін еш бүкпесіз айтты.

Өнер иесі Алматы арнасындағы "Paparazzi" бағдарламасында қос жұлдыздың өнеріне өз бағасын беріп, оларды өзара салыстыра өткен.

"Қайраттікі бөлек эстрада жағында, Димашта да бөлек жанр. Ол алты-жеті диапазонда ән салатын адам. Ол - тума талант. Екеуі екі бөлек, салыстыруға келмейді" , - деп кесіп айтты Омаров.

Оған қоса, белгілі композитор екеуінің біреусіне ренжіп жүргенін жасырмады.

"Қайрат Нұртас кейбір кезде ақын мен композиторларды жазбайды. Тек қана әнші және ән. Мысалы, "Мен ғашықпын" деген менің әнім. Орындаушы - Қайрат Нұртас. Бітті, болды. Кейбір өнерпаздар сөзі кімдікі, әні кімдікі екенін жазып жатады. Ал ол жазбайды" , - деп ашынды Марат Омаров.

Айта кетейік, бұған дейін Марат Омаров Димаш Құдайбергенге ерекше ұсыныс тастап, өзінің асқақ арманын орындап беруін өтінді. Ол ғажайып даусымен күллі әлемді таңғалдырып, қазақ атын танытып жүрген тума таланттың орындауында азанды естігі келетінін алға тартты.

Алайда, оның ұсынысына жұлдызды отбасы әзірге ресми түрде жауап берген жоқ. Бірақ, композитор үмітін үзбейді.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1879980-salystyruga-kelmejdi-marat-omarov-kajrat-nrtas-pen-dimaska-katysty-bar-ojyn-ajtty.html