RU

Еліміздің солтүстігі, шығысы мен орталығында -8 градусқа дейін аяз болады

Күн суытады
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің синоптиктері 17,18,19 қазанға арналған ауа райы болжамын жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің сөзіне сүйенсек, апта соңында республиканың басым бөлігі әлі де кең антициклонның ықпалында болады. Осының арқасында жылы әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарында жауын-шашын болып, жел күшейіп, ауа температурасы көтеріледі.

Алайда 18 қазанда Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік батысында суық басталады. 19 қазанда қолайсыз ауа райы ел орталығы мен шығысында да сезіледі.

Болжамға сәйкес, аталған аймақтада температура түнде 0-8 аязға дейін, күндіз 5-15 жылыға дейін төмендейді. Сондай-ақ, кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Ал республиканың басқа бөліктерінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еске сала кетсек, 7 қазанда елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы қар жауды.

Сонымен бірге, Алматы қаласының таулы аймақтарына да ақ ұлпа түскен болатын.

Айта кетсек, Алматы облысында жауған қарға қарамастан асфальт төсегендер видеоға түсіп қалғанын жазған едік.

Талқыға түскен жолға байланысты Кербұлақ аудандық әкімдігі де пікір білдірген. Мекеме видеоның Шаған ауылындағы жолда түсірілгенін айтты. Ведомствоның сөзінше, 6 қазанда қысқа мерзімді қардың түсуіне байланысты орташа жөндеу жұмыстары дереу тоқтатылып, 9 қазанда қайта жалғасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1879999-elimizdi-soltstigi-sygysy-men-ortalygynda--8-graduska-dejin-aaz-bolady.html