RU

"Денесін тістеген": Алматыда 33 жастағы әйелді аяусыз зорлап кетті

Зорлау фактісі1
Көрнекі фото: NUR.KZ

"НеМолчи.kz" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Алматыда 26 қыркүйек күні болған жантүршігерлік қылмыс жайлы баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"33 жастағы қызды өзінен үлкен 48 жастағы құрбысы болашақ күйеуімен таныстырғысы келетінін айтып, үйіне қонаққа шақырады. Олар бұрыннан таныс болғандықтан, келіншек кешкі сағат бес шамасында еш күмәнсіз қонаққа барады. Кейіннен ғана ол үйдің бір тәулікке жалданғаны анықталады.

Көңілді кеште әйел өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Ал ары қарай не болғаны есінде емес. Бірақ, өзін ұрып, зорлап, әлдебір нәрсе ішуге мәжбүрлегенін біледі. Кейінірек анықталғандай, келіншекті түнгі сағат екіге дейін зорлап, ұялы телефонға видеоға түсірген. Оның қалай тірі қалғанын білмеймін. Бұл - адамның жаны мен тәні үшін нағыз тозақ",- деп жазды Дина Таңсәрі Facebook парақшасында.

Шамамен түнгі сағат екіде құрбысы кетіп қалады. Ал жәбірленуші сол мезетте пәтерден қашып шығып, басқа қабатта тұратын жақын туысына (сәйкестік) кетіп қалады.

"Шок болған әйел бұл туралы полицияға хабарлауға қорыққан. Қатты ұялған ол, тіпті, мұндайды біреуге айтуды да ұят санаған. Ал таңертең өзіне қатысты адамшошырлық қылмыс жасалғанын түсініп, туысының қолдауымен полиция шақырған. Полиция келгенде күдікті пәтерде ұйықтап жатқан.

Сараптама жыныс мүшелерінің, сфинктердің жыртылғанын, денеде және ішек аймағында қорқынышты гематомаларды, сонымен қатар бүкіл дененің тістелгенін анықтады. Келіншек отыра да, жүре де алмайды. Әлі де емдеуді, нақтырақ айтқанда, отаны талап етеді. Нәжісін ұстай алмайды",- дейді құқыққорғаушы.

Полиция жәбірленушінің құрбысының ұялы телефонынан зорлаған сәттің видеосын тапқан. Соның көмегімен болған оқиғаның мән-жайы анықталды.

"Келіншекті бөгде заттармен де зорлаған. Ер адам қорлаған, ал құрбысы видеоға түсірген. Олар келіншекті арасында ұрып, аузына құрамында есірткі мен алкоголь бар сұйықтық құйған",- дейді Дина Таңсәрі.

Оның айтуынша, Түрксіб аудандық полиция бөлімінің тергеушісі ҚР Қылмыстық кодексінің 120 – бабы, 1-бөлігі (зорлау) және 121-бөлігі, 1-бөлігі (нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша іс қозғап, тек ер адамды қамауға алған, ал бірге тұратын әйел іс бойынша куәгер болып қала берген. Сонымен қатар, күдіктінің адвокаты істі ҚР ҚК 107-бабына (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) қайта саралауды талап етіп отыр.

"Видеоға түсірген азаматша оның сыбайласы болып отыр. Неге әлі де бостандықта жүр?",- деп сұрады Дина Таңсәрі.

Жәбірленушіні мемлекеттік бағдарлама бойынша оны емдеуден бас тартып, жекеменшік клиникада емделуге жіберген. Жұмысынан айырылған әйелге жақын туысы қарап жүр. Оған психолог пен адвокат көмегі керек. Келіншек жекеменшік ауруханаға сол күйі бармаған, себебі қаражаты жетіспейді.

"№ 5194 0800 0571 3356 Билайн карта бар. Бұл картаға жәбірленушіге көмек жіберуге болады. Бұл оған қазіргі уақытта көмектесіп жүрген туысының картасы. Келіншек жалғыз өзі кішкентай баласын тәрбиелеп отыр",- деді құқыққорғаушы.

Azattyq Rýhy ақпарынша, көп ұзамай Алматы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов аталған қылмысқа қатысты пікір білдірген.

"Қылмыс жасалған соң екінші күні күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды, сот санкциясымен тұтқындалды. Қазір барлық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысын алған соң қосымша басқа баптар бойынша іс қозғап, сотқа жолдаймыз.

Келіншекке келер болсақ, біріншіден, олар - құрбылар. Бірге ішімдік ішкен. Бұрын Өзбекстан Республикасында тұрған, қандастар. Ұсталған күдікті де - Өзбекстан азаматы. Қазіргі уақытта терегеу жұмыстары жүріп жатыр, видеоматериалдарды зерттеудеміз. Аяқталған соң қосымша ақпарат береміз.

Біз ешкімді қылмыстық жауапкершіліктен жасырмаймыз. Мұны сіздерге ресми түрде хабарлаймын. Егер қолымызда келіншектің (видеоға түсірген - ред) кінәсін растайтын айқын дәлелдер болса, сол күні-ақ оған қатысты шешім қабылдар едік",- деді Қанат Таймерденов.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1880005-zan-men-tn-sin-nagyz-tozak-almatyda-33-zastagy-jeldi-aausyz-zorlap-ketken.html