RU

Петеропавлда есірткі жарнамалаған жігіт 12 жылға сотталып кетті

сот
Көрнекі фото: jasqazaq.kz

Петропавлда синтетикалық есірткіні сақтап, сатып және жарнамалағаны үшін қала тұрғыны 12 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, Петропавлдың 29 жастағы тұрғыны наурыз айында ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған оның Telegram мессенджері арқылы жұмыс істеген анықталды.

Онлайн-ресурстың 3,5 мың оқырманы болған. Ер адам синтетикалық есірткіні қаланың ықшам аудандарында жасырып, оны осы жерде сатып отырған. Бірнеше грамм есірткі күдікті мінген такси көлігін тексеру кезінде табылды.

Ал негізгі бөлігі, яғни 400 гр спайсты полицейлер оның пәтерінен тапты. Сондай-ақ оның үйінде синтетикалық есірткіні дайындауға қажет концентрат, электронды таразы, орауға арналған материалдар, ұялы телефон мен ноутбук болған.

"Тексеру барысында оның синтетикалық есірткі сатуға арналған "Папа может" атты интернет-дүкен ашқаны анықталды. Алғаш рет ұсталғанға есірткі заттарын электронды ақпараттық ресурстарда жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қолданылды. Бұдан басқа қала тұрғыны сату үшін спайсты әзірлеп, сақтағаны және сатқаны үшін сотталды", - дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Естеріңізге сала кетейік, "Қарасора-2020" жедел-алдын алу шаралары кезінде Қарағанды полицейлері есірткі заттар салынған сөмке асынған ер адамды қолға түсірген еді. Тәртіп сақшылары күдіктінің үйінен есірткі зертханасын анықтаған.

Айта кетейік, Ақтөбеде есірткі пайдаланып, көлік айдаған жүргізушінің ұсталғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880020-peteropavlda-esirtki-zarnamalagan-zigit-12-zylga-sottalyp-ketti.html