Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның тағы бір облысында карантин талаптары қатаңдатылады

Опубликовано:

Көшеде адамдар келе жатыр
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Павлодар облысында карантиндік шектеулер қайтадан күшейтілді. Өңірдің бас санитар дәрігері тиісті қаулыға қол қойды. Жарлық 2020 жылдың 18 қазаны сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарлыққа сәйкес, қоғамдық тамақтану орындарының (мейрамхана, кафе, бар, асхана) жұмыс режимі 8.00-ден 22.00-ге дейін қысқарады. Ғимарат ішінде 30 адамнан артық болмауы керек.

СОСО мен сауда үйлері сыйымдылығы 20 пайыздан аспайтын деңгейде жұмыс істей алады.

Азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты 22.00-ге дейін, азық-түліктік емес тауарлар сататын дүкендердің жұмыс режимі 18.00-ге дейін шектелген. Базарлар 18.00-ге дейін ашық болады.

СПА орталықтар, сұлулық салондары, шаштараздар, монша, сауна, фитнес орталықтар, жаттығу залдары, көлік жуу орындары, автосалондар мен тігін шеберханалары 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Қоғамдық көлік жексенбі күні жолаушыларды тасымалдамайды.

Еске сала кетсек, Ақмола облысында бүгін, 16 қазаннан бастап карантин талабы қатаңдатылады.

Сондай-ақ, осыған дейін Алматы қаласында карантин шаралары күшейетінін хабарлаған едік.

Құжатқа сәйкес, шаһарда отбасылық, салтанатты және естелік (банкеттер, үйлену тойлары, қалыңдықты шығарып салу, мерейтойлар, еске алу) бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталады.

Одан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысында да бүгіннен бастап карантин талаптары күшейтілді.

Сонымен бірге, Атырау облысында 12 қазаннан бастап карантин шаралары ұзартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880049-kazakstanny-tagy-bir-oblysynda-karantin-talaptary-katadatylady/

pixel