RU

Алматыда мәйітхана директорының ұсталған сәтінің видеосы жарық көрді

Алматы облысында ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Көрнекі фото: piqsels.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Youtube желісіндегі парақшасында Алматыдағы мәйітхана директорын ұстау операциясының видеосын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрдан мәйітхана директорын екі адамның ұстап тұрғанын аңғаруға болады. Осыдан кейін қолға түскен адам күрткенің ішкі қалтасынан бір пакет ақша шығарып, жерге тастады. Екінші қалтасынан тура сондай тағы бір бума ақша шыққан.  

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Қалалық патологоанатомиялық бюро" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директорын ұстағанын хабардар етті.

"Ол салынып жатқан қалалық паталогоанатомиялық бюроға медициналық жабдықтарды жеткізу бойынша қабылдау актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 14 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталып отыр. Күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - деді ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты "Қалалық патологоанатомиялық бюросы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қамауға алынғанын жазған болатынбыз.

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1880060-almatyda-mjithana-direktoryny-stalgan-stini-videosy-zaryk-krdi.html