RU

Шығыс Қазақстан облысында ерекше талаптары бар шектеу шаралары енгізіледі

Шығыс Қазақстан облысында ерекше талаптары бар шектеулер енгізіледі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 17 қазан сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 31 қазан сағат 00:00-ге дейін шаруашылық және өзге де қызметпен халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілмек. Тиісті қаулы аймақтағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 жұқтырудың көбеюіне байланысты жақында жаңа шектеулер күшіне енеді.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, көпшілік демалатын орындарға (скверлерге, саябақтарға, жағалауларға, алаңдарға, серуендеу аймақтарына) жеке немесе 3 адамнан аспайтын топпен жүруге рұқсат етілген.

30 орыннан аспайтын қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмыс уақыты 07.00-ден 22.00-ге дейін қысқартылды, азық-түлік дүкендері мен бөлімдері, сондай-ақ дәріханалар – 22.00-ге дейін, жабық базарлар – 17.00-ге дейін, ғимараттардан тыс базарлар – 18.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Аумағы 2000 шаршы метрден аспайтын сауда нысандары, оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, 21.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Аумағы 2000 шаршыдан жоғары нысандар демалыс және мереке күндері жұмысты тоқтата тұруы керек.

Моншалар, сауналар, бассейндердің (толтырылуы алдын ала жазылу бойынша 30%-дан аспайтын) жұмыс режимі сағат 21.00-ге дейін қысқарады.

Қаулының толық мәтінімен сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады.

Еске салсақ, Павлодар облысында карантиндік шектеулер қайтадан күшейтілетіні туралы жазған едік.

Оған қоса, Ақмола облысында 16 қазаннан бастап карантин талабы қатаңдатылады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1880079-sygys-kazakstan-oblysynda-erekse-talaptary-bar-sekteu-saralary-engiziledi.html