RU

Садыр Жапаров экс-президент Сооронбай Жээнбеков туралы Жарлыққа қол қойды

Садыр Жапаров экс-президент Сооронбай Жээнбеков туралы Жарлыққа қол қойды
Фото: Kyrgyzstan Presidency / Handout/Anadolu Agency via Getty Images

Қырғыз Республикасы президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров экс-президент Сооронбай Жээнбеков туралы Жарлыққа қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғыз үкіметі аппаратының ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің хабарлауынша, "Қырғыз президенті қызметінің кепілдіктері және Қырғыз экс-президентінің мәртебесі туралы" заңға сәйкес Қырғызстанның экс-президентіне қатысты заңнамада көзделген барлық нормалар сақталады.

Бұл Жарлық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

15 қазанда Қырғыз Республикасы президенті елде қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайға байланысты қырғызстандықтарға үндеу жасады. Үндеуде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Оған қоса, 15 қазан күні өткен митингіде Қырғызстан премьер-министрі Садыр Жапаров жақтастарының алдында президент өкілеттігі өзіне берілгенін мәлімдеді. Ол парламент спикері Қанат Исаев президент міндетін атқарудан бас тартқанын, Қырғыз елінің Конституциясына сәйкес, мұндай жағдайда президент өкілеттігі өзіне өтетінін алға тартты.

Сондай-ақ, Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбеков халқынан кешірім сұрағаны туралы жазған болатынбыз. Ол парламенттің кезектен тыс отырысы кезінде сөз сөйлеген еді. Экс-президент халқынан кешірім сұрап, өзімен жұмыс істегендердің барлығына алғысын айтты.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1880082-sadyr-zaparov-eks-prezident-sooronbaj-zeenbekov-turaly-zarlykka-kol-kojdy.html