RU

Екі жасар ұлын сатпақ болған ер адам тәртіп сақшыларының қолына түсті

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Өзбекстанның Сұрхандария облысында екі жасар ұлын сатпақ болған ер адам ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы centralasian.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сәйкес, аудандық ішкі істер бөлімшесіне Байсун ауданының тұрғыны хабарласқан.

Ол 28 жастағы Денау ауданының тұрғыны Пулат Чориев екі жасар ұлын 50 млн сумға (4,8 мың АҚШ доллары) сатпақ болғанын айтады.

"Сол күні арнайы операция жүргізіліп, П.Чориев ұлын 2500 АҚШ долларына және 24 250 000 сумға сату кезінде ұсталды", - делінген хабарламада.

Ұлын сатпақ болған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалып,, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Еске салсақ, бұған дейін біз Атырауда шақалақты тірідей тоңазтқышқа салды деп айыпталып жатқан перинаталдық орталықтың бұрынғы басшысы Қуаныш Нысанбаев мәлімдеме жасағанын жазған едік.

Одан бөлек, Шымкентте бензин ішіп қойған үш жасар бала ажалдан аман қалғанын жазған болатынбыз. Баланың ата-анасы бірнеше минутқа оны қараусыз қалдырған. Осы уақыт аралығында бүлдіршін сусын деп ойлап, бензин ішіп үлгеріпті.

Сондай-ақ, ШҚО-да жасырынбақ ойнамақ болған 10 жасар қыз баланың кір жуғыш машинаға кептеліп қалғанын хабарлаған едік. Абырой болғанда, оқиға орнына дереу келіп жеткен құтқарушылар кір жуғыш машинаның кейбір бөлшектерін ажыратып, қыз баланы аман-есен шығарып алған.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1880088-eki-zasar-lyn-satpak-bolgan-er-adam-trtip-saksylaryny-kolyna-tsti.html