Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавируспен ауырып шыққаныңызды байқататын бес белгі қандай

Опубликовано:

Коронавирус
Фото: pixabay.com

Ғалымдар коронавирусты ауыру белгілері болмаса да басынан өткерген адамдарды анықтауға болатын бес белгіні атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сарапшылар коронавирустың симптомсыз ағымын да қауіпті деп санайды, өйткені оның салдары кейін пайда болуы мүмкін.

Оксфорд университетінің ғалымдары адамның коронавируспен симптомсыз ауыруының бес негізгі белгісін анықтады деп жазады Царьград.

Нақтырақ айтсақ, ғалымдар атаған бес белгі келесідегідей: ентігу, иіс сезбеу, төменгі өкпенің қабынуын білдіруі мүмкін іштің ауыруы, себепсіз диарея және қатты шаршау.

Симптомсыз коронавируспен ауырған адамдарда конъюнктивит жағдайлары да кездеседі.

Еске салсақ, бұған дейін біз Нұр-Сұлтанда карантин шаралары күшейтілгенін жазған едік.

Одан бөлек, Павлодар облысында карантиндік шектеулер қайтадан күшейтілетіні туралы жазған болатынбыз. Оған қоса, 16 қазаннан бастап Ақмола облысында, 17 қазаннан бастап Шығыс Қазақстан облысында карантин талабы қатаңдатылады.

Сонымен қатар Батыс Қазақстанда карантиндік шектеу шаралары күшейтілгенін және ДСМ Қазақстанда шетелдіктерді коронавирустан тегін емдеу туралы шешім қабылдағанын жазған едік. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен COVID-19 коронавирус инфекциясы Қазақстанда уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдар ақысыз емделетін аурулар тізіміне енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880091-koronaviruspen-auyryp-sykkanyyzdy-bajkatatyn-bes-belgi-kandaj/

pixel