RU

Миллионер Қайрат Құдайберген танымал британиялық пианистке домбыра тарту етті (видео)

Стивен
Видеодан скриншот: kudaibergen_kairat

Отандық кәсіпкер Қайрат Құдайберген танымал ұлыбританиялық пианист жігітке домбыра сыйлады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Қайрат Құдайберген кәсіпкер Артур Кривовпен бірге британиялық пианист Стивен Ридлейге домбыра тарту еткенін өз желі парақшасында жазған.

"Стивен @stephenridley бауырыма бір апта бұрын қазақтың киелі домбырасын сыйға тартқанмын. Әрине домбыра тартуды үйрену керек. Бірақ мынаны қараңыздар! Стивенді қолдап, оны комментарийда белгілейік", - деп жазған ол парақшасында.

Миллионер жазбасымен қоса домбыраны тарту ету алдындағы видеосын да жария еткен. Сонымен қатар шетел азаматының домбырада ойнаған сәтінен видеомен де бөлісіпті.

Видеоны көрген желі қолданушылары кәсіпкерге мақтауларын жаудырды.

"Керемет", "Жарайсың", "Стивеннен домбырада ойнаған сәтінен видеолар күтеміз", "Өте дұрыс", "Әрине, Керемет! Қазақ бола тұра, шерте алмаймыз. Рахмет, ұлтымызды ұлағатап жүргеніңізге. Қайраттың жомартығына сөз жоқ. Қуана білу де сүннет", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, бұған дейін біз коронавируспен ауырып жатқан Қайрат Құдайберген елді алаңдатып қойғанын жазған едік.

Кейін кәсіпкер дәрігерлердің көмегінің арқасында жағдайы жақсарып келе жатқанын мәлімдеген болатын. Ол дерттен емделуде қандай дәрілер қабылдап жатқанымен де бөліскен болатын.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1880097-millioner-kajrat-kdajbergen-tanymal-britanialyk-pianistke-dombyra-tartu-etti.html