RU

Коронавирустан жазылған соң моншаға түсу қауіпті ме: Мамандар жаап берді

Монша
Фото: pixabay.com

Отандық маман коронавирус дертінен айққаннан кейін моншаға түсудің кері әсері бар-жоқтығына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап хабарлайды.

Онлайн конференция кезінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берген медициналық оңалтуды реформалау жөніндегі жобалық кеңсе жетекшісі Ләйлә Дайырбаева коронавирус дертінен жазылғандардың моншаға баруының дұрыс-бұрыстығына қатысты өз ойын ортаға салған.

"Нақты ештеңе айта алмаймын. Дегенмен, кез келген инфекциядан, оның ішінде күрделі жұқпалы аурудан кейін ыстық процедура алуға кеңес берілмейді. Оның ішінде монша да бар. Өзім моншаға баруға барынша абай болуға кеңес берер едім. Ал енді моншадан басқа жуунуға еш мүмкіндік болмаса, онда ол ыстық емес, жылылау болғаны жөн. Өйткені, мультижүйелі суық тию синдромы кезінде барынша абай болған дұрыс", - деді ол.

Маман мультижүйе зақымданған кезде мұндай вирустардың әсері қандай болатындығын болжау өте қиын екенін алға тартты.

"Бұл ретте, барлығы да пациент коронавирус инфекциясынан жазылғаннан кейін сақталатын негізгі синдромға байланысты. Мұны ол емханаларда өзін емдейтін дәрігермен талқылағаны жөн болады. Оның ағзасында қандай симптом негізгі болса, онда соны оңалту жүргізіледі", - деді Ләйлә Дайырбаева.

Еске салсақ, бұған дейін біз елімізде тәулік ішінде қанша адам коронавирус жұқтырғанын жазған едік.

Одан бөлек, коронавируспен ауырып шыққаныңызды байқататын бес белгі туралы жазған болатынбыз.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1880099-koronavirustan-zazylgan-so-monsaga-tsuge-bola-ma.html