RU

Еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Елімізде алты облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер таратқан ақпаратқа сәйкес, 18 қазан күні Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Ал Атырау қаласында тұман түседі деп күтілуде.

18 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

18 қазанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с жетеді.

Көкшетауда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

18 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қаласында 18 қазанда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіліп отыр.

18 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүруі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы плюс 2-10 градусқа дейін күрт суытады.

18 қазанда Павлодар облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады, тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы плюс 2-10 градусқа дейін төмендейді.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1880144-elimizdi-alty-irinde-aua-rajyna-bajlanysty-eskertu-zarialandy.html