RU

Елімізде бір күнде 197 адам коронавирустың белгілері бар пневмонияға шалдықты

Емделу
Көрнекі фото: pexels.com

2020 жылғы 18 қазанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 197 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 42 адам емделіп шықты", - делінген хабарламада.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 35914, 381 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28207 жетті.

Ал елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 104 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 109 406-ға жетіп отыр.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 19

Алматы қаласы - 9

Ақмола облысы - 6

Ақтөбе облысы - 2

Алматы облысы - 7 Атырау облысы - 5

Шығыс Қазақстан облысы - 11

Жамбыл облысы - 1

Батыс Қазақстан облысы - 6

Қарағанды облысы - 9

Қостанай облысы - 5

Маңғыстау облысы - 1

Павлодар облысы - 13

Солтүстік Қазақстан облысы - 9

Түркістан облысы - 1

Еске салсақ, Павлодар облысында карантиндік шектеулер қайтадан күшейтілетіні туралы жазған едік.

Оған қоса, 16 қазаннан бастап Ақмола облысында, 17 қазаннан бастап Шығыс Қазақстан облысында карантин талабы қатаңдатылды.

Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан облысында да карантин шаралары күшейтілді. Бас санитар дәрігерлердің тиісті қаулысы жарияланды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1880147-elimizde-bir-knde-197-adam-koronavirusty-belgileri-bar-pnevmoniaga-saldykty.html