RU

Қазақстандық туынды Варшавадағы беделді кинофестивальде Гран-при жеңіп алды

фильм 18 килогерц 1
Кадр: "18 килогерц" фильмінен

Фархат Шәріповтің туындысы 36-шы Варшава халықаралық кинофестивалінде Гран-приді иеленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ конкурстың ресми сайтына сілтеме жасап.

"18 килогерц" фильмі – 90 жылдардың соңындағы жасөспірімдердің өмірін баяндайтын көшедегі оқиға. Конкурста аталған лентаның әлемдік премьерасы өтті деп жазды "Вечерний Алматы" басылымы.

"18 килогерц – бұл ересектер естімейтін дауыс жиілігі. Фильм жасөспірімдердің проблемаларына арналған. Ашығын айтсақ, біз үшін есейе келе жастардың проблемаларын түсіну қиындай береді. Кейбір мәселелер жас кезімізде шешілмейіндей көрінетін. Өз туындым арқылы сол жастық шақты еске салғым келді", – дейді Фархат Шәріпов.

Түсірілім Алматы қаласында өткен. Фильмге түскен жас актерлар үшін бұл дебют болды – Мұсахан Жұмахан, Әлібек Әдікен және Камила Фун-Со.

Фильм Зара Есенаманның "Хардкор" кітабына негізделіп түсірілген. Оның сценариін Шәріповтың өзі жазды. Туынды жастар проблемасына арналған трилогияның алғашқы бөлімі ретінде ойластырылған.

Сонымен қатар, қазақстандық кинотуынды 25-ші Пусан халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына енгізілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде "Борат" атты әжетхана қағазын жарнамалайтын ролик пайда болған еді.

Видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында "Әзіл әлемі" театрының актері, сыр елінің талантты тумасы Қанат Әлжаппаров жариялады.

Сондай-ақ бұдан бұрын Қазнет қолданушыларының #CancelBorat хэштегін іске қосқанын хабарлағанбыз. Өз жазбаларында мыңдаған отандасымыз Қазақстан туралы деп түсірілген америкалық "Борат-2" фильмінің шығуына наразылықтарын білдірген.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1880156-kazakstandyk-tuyndy-varsavadagy-bedeldi-kinofestivalde-gran-pri-zeip-aldy.html