RU

Сарапшы телефон арқылы ақша аударатындарға кеңес берді

ұялы
Көрнекі фото: pixabay.com

Телефон арқылы ақша аударған кезде нөмірді қате теріп қойсаңыз, ақшаны қайтару оңай болмайтыны белгілі. Бұл үшін банк қызметкерлерінің, тіпті, құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінуге тура келеді. Осы орайда "Прайм" заңгерлік компанияның бас директоры Алексей Петропольский өз кеңесін ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"Жеке тұлғалар арасында ақша аудару жүйесінің қаупі бар. Себебі аударым тез жасалады, сол себепті нөмір қате терілген болса, қайтару қиын", - деді ол.

Петропольскийдің айтуынша, қателескен адам банкке хат жазуы тиіс. Банк бұл ақпаратты ақша аударылған есепшот иесіне жолдайды.

"Егер адам ақшаны қайтарудан бас тартса, құқық қорғау органдарына немесе сотқа жүгіну керек", - дейді заңгер.

Одан бөлек, алаяқтардың бар екенін де ұмытпаған дұрыс. Себебі телефон нөмірін бір адамнан екінші адамға ауыстыруға болады. Кейін нөмірге бекітілген банк шотының реквизитін де өзгертіп алады. Осылайша жіберілген ақша мүлдем басқа адамның шотына түседі.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1880171-sarapsy-telefon-arkyly-aksa-audaratyndarga-kees-berdi.html