RU

Жәнібек Әлімханұлы WBO жаңа рейтингінде үздік үштікке енді

Жәнібек Әлімханұлы1
Фото: instagram.com/janibek_qazaqstyle

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде үздік үштіктен көрінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой бокс қауымдастығының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Былғары қолғап шебері Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) 72,6 келіге дейінгі орта салмақтағы ең мықты үш боксшысының бірі атанды.

Бұған дейін төртінші орында тұрған ол жоғары жылжып, үшінші орынға жайғасты. Ал осы позицияда орналасқан Қанат Ислам бір саты төмендеді.

Айта кетейік, бұған дейін орта салмақтағы кәсіпқой боксшының жекпе-жегі АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы The Bubble аренасында өтетінін хабарлаған едік.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет өткен жылы қараша айында АҚШ-тың Калифорния штаты Фресно қаласында жекпе-жек өткізген болатын. Ол кезде қарсыласы Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа жіберген еді.

Кейіннен ол 28 наурызда Канадада ганалық Исса Самирмен жекпе-жек өткізіп, өзінің WBC Continental Americas және WBO Global чемпиондық атақтарын қорғауы тиіс болатын. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты аталған жекпе-жек өтпеді.

Сонымен қатар отандасымыз әйгілі былғары қолғап шеберлерін жеңе алатынын мәлімдеген еді. Олардың арасында Сауль Альварес, Дэниел Джейкобс сынды танымал боксшылар бар.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1880178-znibek-limhanly-wbo-zaa-rejtinginde-zdik-stikke-endi.html