Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экстремалды жағдайда ғашығына ұсыныс жасаған жігіт сәтсіздікке ұшырай жаздады (фото)

Опубликовано:

Ұсыныс
Көрнекі фото: pixabay.com

Сүйіктісіне экстремалды жағдайда ұсыныс жасаған ер адам көпшіліктің назарына ілікті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы apostrophe.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұқият жоспарланған неке ұсынысы сәтсіздікпен аяқтала жаздаған. Ер адам өзінің сүйіктісіне парашютпен секіру кезінде тосын сый жасауды ұйғарып, оның ойын жүзеге асыру үшін бірнеше адам көмекке қосылады.

Ұсыныс
Фото: metro.co.uk

37 жастағы Джейсон Пак өзінің сүйіктісі Кэтиге 4000 метр биіктіктен парашютпен секіруді ұсынады. Жоспарға сәйкес, ғашығы ауада қалықтап жүргенде, достары қолына: "Кэти, сен маған үйленесің бе?" деген жазуды ұстап тұруы тиіс болады. Жігіт бұл жазуды ғашығы міндетті түрде байқайтынына сенген.

Бірақ ол бойжеткеннің төмен құлдилаған сәтте романтикаға мұршасы болмайтынын ескермеген. Тек сүйіктісі жерге қонған сәтте ер адам оған тізерлеп, неке жүзігін ұсынады.

"Шынымды айтсам жай ғана бас изедім. Қатты шошып кеттім. Ұшу кезінде нұсқаушы маған: "Сіз бұл белгілерді көріп тұрсыз ба?" деп айта берді. Алғашында мен оның не айтқысы келгенін түсінбедім және жол белгілерін іздей бастадым, бірақ содан кейін мен өзімнің атымды жерден оқығаннан кейін нұсқаушының не айтқысы келгенін түсіндім", - дейді 30 жастағы Кэти.
Ұсыныс
Фото: metro.co.uk

Ол сүйіктісінің бұл романтикалық әрекетіне тәнті болып, ұсынысын қабыл алған.

Еске салсақ, бұған дейін алғашқы кездесуде сүйіктісіне білместен ұсыныс жасап қойған жігіт ұятқа қалғанын жазған едік.

Одан бөлек, отандық танымал вайнер сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1880188-ekstremaldy-zagdajda-gasygyna-synys-zasagan-zigit-stsizdikke-syraj-zazdady-foto/

pixel