Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ангела Меркель: Жағдайымыз бірінші толқыннан да қиын

Опубликовано:

Германия канцлері Ангела Меркель
Фото: Global Look Press / Michael Kappeler

17 қазанда Германияның 8 мыңға жуық тұрғынынан коронавирус анықталып, жаңа антирекорд тіркелген. Мұндай жағдай тіпті көктемде де болмаған екен. Осы орайда канцлер Ангела Меркель халыққа үндеу жасап, қауіпсіздік мәселесіне аса мән беруге шақырды хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Ангела Меркель өз үндеуінде ел тұрғындарына отбасылық мерекеден бас тартуға кеңес беріп, себепсіз көшеге шығу азаматтардың өзі үшін де, қоғам үшін де қауіпті екенін ескертті.

"Вирус тез тарап жатыр. Тіпті, жағдайымыз бірінші толқыннан да қиын дер едім. Алда күрделі кезең күтіп тұр. Соны сезінуіміз керек және өзімізге үлкен жауапкершілік жүктеуге тиіспіз. Мейлінше оқшау болсақ, соғұрлым індетті тежеуге өріс ашылады.
Кез келген уақытты өз пайдамызға шешуіміз керек. Маған жұққан жоқ деген көңіл күйден арылып, жұқтырып алмаудың жолын іздеу керек. Ол ұғынықты жол, бір-бірімізге құрметпен қарайық. Санаға салайық. Жеке қауіпсіздікті шыңдайық. Қиын емес қой", – дейді Германия канцлері.

Жақын арада ел президенті қайта тест тапсырады. Нәтижесі теріс болса, жұмысқ а қайта оралады. Бірақ оған дейін қызметін қашықтан атқара бермек.бірден ПТР тест тапсырған. Алайда COVID-19 инфекциясы анықталмаған.

Жақын арада ел президенті қайта тест тапсырады. Нәтижесі теріс болса, жұмысқа қайта оралады. Бірақ оған дейін қызметін қашықтан атқара бермек.

Еске сала кетейік, жақында Ұлыбритания мен Қытай ғалымдары коронавирустың есту мен көру қабілетіне де кері әсері барын анықтаған болатын.

Сондай-ақ бұған дейін отандық маман коронавирус дертінен айққаннан кейін моншаға түсудің кері әсері бар-жоғын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1880192-angela-merkel-zagdajymyz-birinsi-tolkynnan-da-kiyn/

pixel