RU

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 102 адамнан коронавирус анықталды

тәж45
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде өткен тәулікте 102 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстанда өткен тәулікте 102 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды", - делінген ресми хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 17

Алматы қаласы - 10

Шымкент қаласы - 2

Ақмола облысы - 5

Ақтөбе облысы - 1

Алматы облысы - 4

Атырау облысы - 8

Шығыс Қазақстан облысы - 15

Батыс Қазақстан облысы - 6

Қарағанды облысы - 9

Қостанай облысы - 4

Маңғыстау облысы - 1

Павлодар облысы - 11

Солтүстік Қазақстан облысы - 9

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 109508-ге жетіп отыр.

Еске сала кетейік, коронавирус инфекциясына байланыты еліміздің бірнеше өңірінде карантин шаралары күшейтіліп жатыр. Мәселен, Қарағанды облысында бүгін, 19 қазаннан бастап өңірде санитарлық бекеттер қою туралы шешім қабылданған.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті департаменті басшысының міндетін атқарушы Юрий Залыгиннің мәліметінше, бұл көрші облыстарда сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты алдын алу шарасы ретінде қабылданып отыр.

Осы орайда өңірде облыс бойынша сегіз бекет болады. Олар Жезқазған, Ұлытау, Нұра, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Осакаров (екеу) аудандарында және Приозерск қаласында.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы мен Жамбыл облысында карантин шаралары күшейтілгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880195-kazakstanda-tken-tulikte-tagy-102-adamnan-koronavirus-anyktalgan.html