Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір қазақстандық футболшы араб клубына ауысты

Опубликовано:

Александр Меркель футболшы
Александр Меркель. Фото: alfaisalyfc.net

Қазақстандық жартылай қорғаушы Александр Меркель өзінің жаңа командасы – саударабиялық "Аль-Фейсали" сапында алғашқы ресми мачтын өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Сауд Арабия чемпионатының 1-туры аясында Александр Меркельдің командасы "Аль-Таавунға" қарсы ойын өткізді. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Қазақстандық футболшы негізгі құрамда алаңға шығып, 40-шы минутта ескерту қағазын алды. Ал матчтың 76-шы минутында алмастырылды.

Айта кетейік, бұған дейін Александр Меркель голландиялық "Хераклестің" намысын қорғаған. Өткен маусымда ол аталған команда сапында 28 матч өткізіп, 2 гол мен 4 нәтижелі пастың авторы атанған еді.

Жақында футболдан UEFA Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасының сырт алаңдағы Беларусьпен кездесуі сәтсіз аяқталған болатын. Матч 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Еске салсақ, қазақстандық футболшылар бұған дейін Беларусь құрамасымен төрт мәрте кездескен болатын. 2010 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында қазақстандықтар аталған қарсыласынан 1:5, 0:4 есебімен жеңіліп қалды.

Одан кейін 2011 жылы жолдастық кездесуде екі құрама 1:1 есебімен тең түскен еді. Ал биылғы Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы өз алаңында аталған қарсыласына 1:2 есебімен жол беріп қойды.

Сондай-ақ бұған дейін қазақстандық футболшының әйгілі Серхио Рамоспен бірге үздіктер құрамасына енгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1880198-tagy-bir-kazakstandyk-futbolsy-arab-klubyna-auysty/

pixel