RU

Алматы көшелерінде тапаншамен жүрген ер адам ұсталды (видео)

Тапанша ұстаған адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда қолына тапанша ұстаған ер адам видеоға тсүіп қалды. Тәртіп сақшылары оның кім екенін анықтады деп жазады KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ролик Instagram желісіндегі kazakhpress парақшасында жария болған. Кадрдағы ер адамның қолына тапанша үстап жүргенін көруге болады.

Полиция департаментінің хабарлауынша, әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде қолында қаруы бар ер адамның видеосы анықталған.

Алатау ауданы ПБ қызметкерлерінің анықтауынша, ол 1992 жылы туған азамат. Ер адам үй-күйі жоқ, ішімдікке тәуелді адам ретінде тіркелгені белгілі болған.

Сондай-ақ оның қолындағы тапанша ойыншық екені, дәл сол сәтте мас болғаны анықталды.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметттік желіде сөмке толы ақша мен тапанша ұстаған ер адамның видеосы пайда болған еді.

Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар видеоны зерттеген. Қазір Панфилов ауданының құқық қорғаушылары ролик авторы мен кадрдағы адамдарды анықтау үшін тексеру шараларын жүргізуде.

Сонымен қатар Алматы қаласында Kaspi Bank филиалына қарақшылық шабуыл жасалғанын хабарлаған едік.

Банктің мәліметінше, оқиға 15 қазанда, яғни бейсенбі күні болған. Банк бөлімшесіне екі қарулы қарақшы жұмыс күнінің соңында онда клиенттер болмаған кезде келген. Филиал қызметкерлерін қорқытып, олар 2 миллион теңгені қолды қылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880205-almaty-kselerinde-tapansamen-zrgen-er-adam-staldy-video.html