RU

"Оранып алған": Мөлдір Әуелбекова сахнаға жаңа образымен шықты

Оранып алған Мөлдір Әуелбекова сахнада ән салып тұр
Фото: Видеодан кадр

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова сахнаға алғаш рет оранған күйде шығып, қалың жұртшылықты таңғалдырды. Өнер иесінің жаңа образы желіде қызу талқылануда. Бірі оны қолдап жатса, енді бірі керісінше сынап тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін сахнада түрлі ерекше образда өнер көрсеткен Мөлдір Әуелбекова бұл жолы ел алдына оранып шыққан. Шоу-бизнес жұлдызы басына орамал тартып, қазақи үлгідегі ұзын көйлек киіп алған.

Өнер иесінің жанкүйерлері оның тұмшаланып ән салғанына қатты таңғалған. Олар әркез есте қаларлықтай образдарды киетін әншіні мұндай кейіпте көріп үйренбесе керек.

Желідегілер Әуелебекованың киелі сахнаға оранып шыққанын қызу талқылап жатыр. Бұл жайтқа қатысты көпшіліктің пікірі екіге бөлінді. Бірі дін жолына бет бұрған әртісті қолдаса, енді бірі оны жабық киіне бастағаны үшін сөгіп тастады.

Ғаламтор кеңістігінде шу тудырған видео Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

Желі қолданушлыраның сөзінше, Мөлдір Әуелбекова екінші мәрте тұрмысқа шыққанан кейін қатты өзгеріп кеткен. Әсіресе, әншінің стилі үлкен өзгеріске ұшыраған. Олар эстрада жұлдызының жолдасы оған жабық киінуді талап етті деп есептейді.

Еске сала кетейік, Мөлдір Әуелбекова карантин уақытында сүйіктісін жолықтырып, екінші мәрте тұрмысқа шығып жатқанын хабарлаған болатын. Бұл жаңалығынан кейін өнер иесінің өмірі күрт өзгеріп кетті.

Ол желідегі барлық фотоларын өшіріп тастап, барынша жабық киіне бастаған. Эстрада жұлдызының жанкүйерлері оның өнерді тастап кетуі мүмкін екеніне алаңдауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880212-oranyp-algan-mldir-uelbekova-sahnaga-zaa-obrazymen-sykty-video.html