RU

Өткен тәулікте COVID-19 бен оның белгілері бар пневмониядан 5 адам қайтыс болды

Аурухана
Көрнекі фото: pixabay.com

Өткен тәулікте елімізде коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан бес адам көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Coronavirus2020.kz Telegram арнасының хабарлауынша, өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырудың 51 жағдайы тіркелген. Сонымен бірге 16 адам емделіп шығып, тағы біреуі қайтыс болған.

Ал жалпы 1 тамыздан бері аталмыш диагноз бойынша ауырғандардың жалпы саны 35 965-ге жеткен. Сондай-ақ, 382 өлім жағдайы тіркеліп, 28 223 пациент ауруынан айыққан.

Денсаулық сақтау министрлігі Telegram арнасындағы ақпаратынша, соңғы тәулікте 4 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болған.

Сондай-ақ, 102 адамнан инфекция анықталған. Осылайша, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 109 5058-ге жеткен. Оның 1796-ы өліммен аяқталған.

Еске сала кетейік, коронавирус инфекциясына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде карантин шаралары күшейтіліп жатыр. Мәселен, Қарағанды облысында бүгін, 19 қазаннан бастап өңірде санитарлық бекеттер қою туралы шешім қабылданған.

Осы орайда өңірде облыс бойынша сегіз санитарлық бекет қойылады. Олар Жезқазған, Ұлытау, Нұра, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Осакаров (екеу) аудандарында және Приозерск қаласында.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстарында карантин шаралары күшейтілгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880219-tken-tulikte-covid-19-ben-ony-belgileri-bar-pnevmoniadan-5-adam-kajtys-boldy.html