RU

Көз жасын көл етуді үйретіп жүрген "ұстаз" көпшілікті еңіреп жылауға шақырды

Көз жасы
Көрнекі сурет: 120.su

Өзін "көз жасының мұғалімі" деп атайтын Жапония тұрғыны күйзеліспен күресу үшін көпшілікті еңіреп жылауға шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы 120.su сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жапонияның орта мектептерінің бірінде ұстаздық етіп келген Хидэфуми Есида жұмыстан шығып, өмірін мүлдем басқа салада ұтаздық етуге арнады.

Нақтырақ айтсақ, ер адам жақсылап тұрып жылауды өзгелерге үйрете бастаған. Ол, тіпті бұл үшін арнай техника да ойлап тауыпты. Жаңа жылау техникасына "Ру-катсу" ("көз жасын іздеу" ) деген атау берген азамат өзін ресми түрде "көз жасының ұстазы" ретінде сайлап алған.

Хидэфуми Есида бүкіл ел бойынша үнемі семинарлар мен дәрістер өткізіп, адамдарды жылауға үйретіп, оларды ұялмауға ғана емес, сонымен бірге көз жасына үлкен нығмет ретінде қарауға шақырады.

Есида
Фото: 120.su

Оның сөзіне сенсек, жылау ағзаға өте жақсы әсер етеді және күлкі мен ұйқыдан гөрі күйзелісті жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жапониядағы көптеген ересектер үнемі күйзелісте өмір сүретінін ескерсек, Хидэфумиден үйренгісі келетіндердің қарасы көп деуге болады.

Ол аптасына кем дегенде бір рет көз жасын төгу керек екеніне сенімді. Алайда ол қайғыға батып жылағаннан гөрі, көзге жас алатын әсерлі драманы көргеннен, кітап оқығаннан немесе әсерлі әндер мен музыкалардан жылаған дұрыс деп санайды. Ал қайғыра жылау мүлде пайдасыз, тіпті зиян болуы мүмкін дейді ол.

Еске салсақ, бұған дейін біз жұмысына күнде біз өкше мен белдемше киіп баратын ер адам жұртты таңырқатқанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, қыруар ақшаға терісін қарайтып, төсін үлкейткен ару көпшілікке жақпай қалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880234-kz-zasyn-kl-etudi-jretip-zrgen-staz-kpsilikti-eirep-zylauga-sakyrdy.html