RU

Қостанайда жасырын жұмыс істеген екі казино әшкере болды (видео)

Арнайы күштер тартылды: Атырауда жасырын казино әшкере болды (видео)
Көрнекі фото: piqsels.com

Қостанайда Экономикалық тергеу департаменті мен "Қыран" арнайы жасағы жасырын жұмыс істеген екі казиноны анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, ұйымдастырушылар заңсыз ойындар өткізу үшін ғимаратты жалға алған.

Ойынға кем дегенде 10 мың теңгеге текше сатып алған адамдар ғана қатыстырылған. Содан кейін ауызша түрде ақшалай сыйлыққа келісім жасалған.

Операция барысында қызметкерлер покер үстелін, ойынға арналған алты үстелді, ойын алаңдарының 15 колодасын, текшелерді, видео ресиверін, жүргізілген ставкалардың жазбалары жазылған журнал мен дәптерді, ойын текшелерінің жиынтығын, Samsung планшеті мен ақшаны тәркілеген.

Қазір тергеу амалдары жалғасуда.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда кафелердің бірінің VIP-залында жасырын казино жұмыс істегенін жазған едік.

Қаржы мониторингі комитетінің хабарлауынша, 26 қыркүйекте облыстық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшесін тарта отырып жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде астыртын казино жұмысы тоқтатылған.

Сонымен бірге, елордада полиция қызметкерлері интимдік қызмет көрсететін, сондай-ақ боди-массаж қызметі бар мекемелерді анықтау мақсатында рейдтер жүргізген еді.

Сонымен қатар Түркістан облысының полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды жойған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880241-kostanajda-zasyryn-zmys-istegen-eki-kazino-skere-boldy-video.html