Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германияда "ең сұлу" сиыр анықталды (фото)

Опубликовано:

Сиыр
Скриншот: ТСН

Германияда сиырлар арасында сұлулық байқауы өткізілді. Нәтижесінде жүздеген ірі қараның ішінен "ең көріктісі" таңдалған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы newsyou.info сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Германияның Висбаден қаласындағы Гессе аймағында мүйізділер арасында сұлулық байқауы ұйымдастырылды. Байқау нәтижесі бойынша, Хайке атты үш жасар жануар Гессен аймағындағы ең әдемі сиыр деп танылған.

Сиыр
Скриншот: ТСН

"Ең көрікті сиыр" алты жүз жануардың ішінен таңдалыпты. Дауыс беруге жергілікті тұрғындар да, кәсіби қазылар алқасы да белсенді түрде қатысқан. Төрешілердің пікірінше, Хайкенің "әдемілігінде" еш мін жоқ. Себебі, оның барлық тұрғыдан "сұлу" екенін аңдауға болады екен. "Сылқым сиырдың" салмағы 800 келі, ал жүні барқыт сияқты жұп-жұмсақ әрі жылтыр.

Сиыр
Скриншот: ТСН

Жеңістен кейін мүйіздіге гүл шоғы табыстаған. Бірақ басты сыйлық бұл емес болып шықты.

Сұулық байқауын жеңіп шыққан сиры енді аймақтағы танымал сүт брендінің беткеұстар моделі атану құрметіне ие болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін біз Ресей елінде тәртіп сақшыларын тырқырата қуалаған сиырлар желіде жұлдыз болғанын жазған едік. Челябинскіде болған бұл жағдай желі қолданушыларының көңілін көтерген.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын итімен қоса қуған сиырлар Қазнеттің қызу талқысына түскенін жазған болатынбыз.

Бір топ сиырдан әбден зәре-құты қалмаған ит қожайынының алдына түсіп алып, алды-артына қарамай қаша жөнелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1880269-germaniada-e-slu-siyr-anyktaldy-foto/

pixel