RU

Қазақстандық дизайнердің өліміне күдікті ұсталды

түрме
Көрнекі фото: elgezit.kg

Алматы полициясы қазақстандық дизайнер Сәбит Сыраханның (Bisen) өліміне қатысты бар болуы мүмкін күдіктіні ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, 18 қазанда түнгі сағат 02:00-ге қарай полицияға екі ер адамның арасындағы төбелес туралы хабарлама түскен.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, хабар берген куәгер төбелесті пәтерінің терезесінен көрген. Бастапқыда екі жігіт аулада жанжалдасып, оның арты төбелеске ұласқан. Содан кейін ер адамдардың біреуі жерге құлап, екіншісі қашып кеткен.

Оқиға орнына барған жедел жәрдемнің мамандары жерде жатқан ер адамға көмек көрсетуге тырысқан. Бірақ ол қайтыс болып кеткен.

"Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1991 жылы туған ер адам бірден ұсталды. Ол көз жұмған жігіт кездесіп жүрген қыздың туған ағасы болып шықты. Күдікті адам өлтіргенін мойындады. Оны жақтырмай жүргеннен кейін соққыға жыққанын да айтты", - деп хабарлады құқық қорғаушылар. 

Қазіргі кезде күдікті қамауға алынды. Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оның кінәсі дәлелденсе, 8-15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетсек, белгілі streetwear-бренд дизайнері Сәбит Сырахан (Bisen) қайтыс болды.

Айта кетсек, мәжіліс депутаты Глеб Щегельский өмірден өтті. Ақпаратты парламент төменгі палатасының баспасөз қызметі растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880282-kazakstandyk-dizajnerdi-limine-kdikti-staldy.html