RU

Қостанай облысында ертеңнен бастап карантин шаралары күшейтіледі

Көше маска1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қостанай облысында караниндік шектеулер қайтадан қатаңдатылмақ. Бұл туралы өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтың өзі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ әкімнің Instagram паарқшасына сілтеме жасап.

Қостанай облысының әкімі өңірде санитарлық бекеттерді ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізу туралы нұсқаулар берген.

Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, өңір пандемияның екінші толқынына дайын болғанына қарамастан, эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантинді күшейту туралы шешім қабылданған.

Жаңа шаралар 20 қазан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс режимі 23 сағатқа дейін қысқартылады, залда 30 адамнан артық болмауы керек. Ашық ауадағы аттракциондардың жұмысы тоқтататылады.

Ал демалыс күндерінде төмендегі шектеулер күшіне енеді:

  • қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салынады;
  • ауданы 2000 шаршы метрден астам сауда объектілерінің, азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтайды;
  • азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысы тоқтайды;
  • азық-түлік емес тауарлардың бөлшек сауда объектілерінің жұмыс режимі сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеледі;
  • фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының жұмысы тоқтатайды;
  • қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмысы тоқтайды.

Еске сала кетсек, Қарағанды облысында бүгіннен бастап шектеу шаралары күшейтілді.

Сондай-ақ бұған дейін Алматы мен Жамбыл облысында карантин шаралары күшейтілгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880290-kostanaj-oblysynda-ertenen-bastap-karantin-saralary-ksejtiledi.html