RU

Мәскеуде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталады

тәжвирус
Көрнекі фото: sputniknews.kz

Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянин коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау желтоқсан-қаңтар айларында басталатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресей астанасы коронавирусқа қарсы вакцинаның ірі партияларын қараша айында алады деп жазады Газета.ru. Ал желтоқсан - қаңтар айларында коронавирусқа қарсы халықты жаппай вакцинациялау басталады.

Қала мэрінің айтуынша, вакцинация - пандемияға қарсы соңғы жеңіс.

Әлем бойынша пандемия басынан бері 39,1 млн адам коронавирус жұқтырған, 29 млн адам жазылып шыққан, ал миллионнан астам адам қайтыс болған.

Ресейде коронавирус 1,3 млн тұрғында расталды. Ресей Федерациясы - COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина тіркеген алғашқы ел. Вакцина "Спутник V" деп аталады. 15 қазан күні Ресей президенті Владимир Путин коронавирусқа қарсы "ЭпиВакКорона" деген атау алған екінші вакцинаның тіркелгенін хабарлады. Оны новосібірлік "Вектор" орталығы әзірлеген.

Ал елімізде өткен тәулікте 102 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.

"Қазақстанда өткен тәулікте 102 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды", - делінген ресми хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 17

Алматы қаласы - 10

Шымкент қаласы - 2

Ақмола облысы - 5

Ақтөбе облысы - 1

Алматы облысы - 4

Атырау облысы - 8

Шығыс Қазақстан облысы - 15

Батыс Қазақстан облысы - 6

Қарағанды облысы - 9

Қостанай облысы - 4

Маңғыстау облысы - 1

Павлодар облысы - 11

Солтүстік Қазақстан облысы - 9

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 109508-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880299-mskeude-koronaviruska-karsy-zappaj-vakcinacialau-bastalady.html