RU

Павлодар облысында ер адам көршісінің қойын ұрлап, сорпа әзірлеген

Қой1
Көрнекі фото: piqsels.com

Павлодар облысында бір отар қой бақташысыз жайылып жүріпті. Иесі малын тексеруге келгенде біреуі жоғалып кеткенін байқаған. Полиция қызметкерлері іздестіру кезінде арыз берушінің көршісінен күдіктеніп, қамауға алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға Ақкөл ауылына жақын маңайда болған.

32 жастағы ер адам полицияға телефон шалып, малының жоғалғанын хабарлайды. Жедел қызмет бірден іске кірісіп, күдіктіні ұстаған. Белгілі болғандай, ол мал иесінің көршісі болып шығыпты.

Ол ұзақ кідірместен қойды бауыздап, етінен бірден сорпа әзірлеген. Енді 37 жастағы ер адам ұрлық фактісі бойынша жауапкершілікке тартылмақ.

Полиция ұрлыққа ерікті жайылым себеп болды деп хабарлады. Мәселен, жануарлар жолға шығып алып, автокөлік иелеріне ыңғайсыздық тудырған жағдайлар да аз емес. Өңірде иесіз жайылып жүрген мал арнайы автотұрақтарға әкетіледі, ал иелеріне айыппұл салынады. Тәртіп сақшылары жуырда Северное ауылының маңында жүрген 58 сиырды тапты.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылордада ауыл тұрғындарының қойын ұрлаған барымташының қолға түскенін жазған едік.

Тұрғындар малының ұрланғандығы туралы полиция органдарына кеш хабарлайды. Мал иелері өздерінің малдарын жоғалғанын байқаса да полицияға хабарын бермей, көмегіне жүгінбей өз бетінше іздейді, қылмыс орын алған сәттен арада біраз уақыт өтіп, ұрланған мал мен оған қатысты тұлғаларды іздестіруді жеңілдететін маңызды айғақтар мен іздер жоғалады.

Сондай-ақ, айта кетейік, қойлардың артынан қуған Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желі қолданушыларының көңілін көтерген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880316-pavlodar-oblysynda-er-adam-krsisini-kojyn-rlap-sorpa-zirlegen.html