Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақылына көркі сай: «Мисс Алматы» финалисі өз кәсібін қалай ашты

Опубликовано:

Перизат Тәтен
Фото: Перизат Тәтеннің жеке мұрағатынан

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін өзіндік трамплинге айналды. Бүгінде мыңдаған қазақстандық «Бастау Бизнес» жобасында оқудан өтіп, өз бизнес жоспарларын әзірлеп, ісін дамыту үшін грант иеленді. Бағдарлама қатысушыларының арасында «Мисс Алматы» байқауының финалисі алматылық Перизат Тәтен де бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өткен жылы Перизат Тәтен өзінің шағын сән үйін құруға 200 АЕК (505 мың теңге) көлемінде грант алған.

"Маған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы туралы сол кезде бірінші лекте оқыған курстасым айтып берді. Кейіннен өз сәттілігімді сынап көруді шештім, барлық қажетті құжаттарды жинап, бағдарламаға қатысуға өтініш бердім. Бір ай бойы оқыдық, содан кейін өз жобамды қорғап, ісімді бастау үшін грант алдым", - деді ару.

Перизат жастайынан сурет салумен, тігумен, мата қиындыларымен, қуыршақтарға киім тігумен айналысқанды ұнатқан. Ол мұндай қызығушылық қайдан пайда болды деген сұраққа «Анам жақтан барлық туысым – өнер адамдары. Бұл махаббат солардан сіңді. Сондықтан, мектеп уақытынан бастап өнер саласында жұмыс істеуді шештім» ,- деп жауап берді.

Перизат Тәтен киімі
Фото: Перизат Тәтеннің жеке мұрағатынан

Бойжеткен Таңсықбаев атындағы "Суретші - киім дизайнері" мамандығы бойынша Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжін және Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін тәмамдаған. Студенттік шақтан бастап түрлі конкурстарға қатысқан. Мәселен, 2015 жылы жас дизайнерлер арасында өткен SAN & SAHNA, 2019 жылы жас дизайнерлер арасында өткен "Жібек жолы айшықтары" халықаралық байқауында жеңіске жетті.

Сонымен қатар, бойжеткен - "Қазақ аруы - 2012" республикалық сұлулық байқауының финалисі, "AIAÝLY ARÝ – 2018" номинациясының лауреаты және "MISS ALMATY - 2018" гранд финалисі.

"Бастау Бизнес" жобасына қатысқанға дейін ол бірнеше жыл бойы атақты қазақстандық брендтің цехында еңбек етіп, тігін дағдыларын шыңдаған. Бірақ кейін өз арманын жүзеге асырып, ісін ашуға бел буады. "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының арқасында қазір "PERIZAT_TATEN" show-room мен жеке тігін шеберханам бар. Бұл грантсыз маған өз кәсібімді бастау қиын болар еді. Киім сапасына келгенде құрылғылардың рөлі зор. Алынған қаражатқа мен өнеркәсіптік тігін машинасын, бу генераторы бар өнеркәсіптік темір мен кәсіби манекен сатып алдым. Курстарда бизнесті дамыту бойынша алған білім өте пайдалы болды", - деді ол.
Перизат әйелдер арналған киімдер
Фото: Перизат Тәтеннің жеке мұрағатынан

Перизат ассортиментінде ерлер, әйелдер мен балаларға арналған көптеген киімдер бар. Бірақ оның киімдері этно стильде, заманауи интерпретацияда өте танымал. Баға саясаты туралы сұраққа Перизат бірден жауап берді.

"Менің бағаларым қолжетімді. Мысалы, принті бар классикалық жейделерді 6 000 теңгеден сатамын, жұмыс қиындаған кезде онда құны да ұлғаяды. Ал эксклюзивті көйлектер мен шапандар 30 000 теңгеден жоғары".
«Қазір менде тапсырыс көп. Кейбір клиенттер модель дизайнын өздері әкеледі, әрқайсысына жеке көзқараспен қарау керек. Жейделерді бір күнде тігемін, ал ұлттық стильдегі шапанға үш-төрт күн кетеді», -деді бойжеткен.

Бүгінде Перизат өз білімін өзгелермен бөлісіп жүр. Бойжеткен киім пішу мен тігуді нөлден бастап үйретеді. Курс екі айға жалғасады, бұл уақыт аралығынды олар 4-5 киім тігуді үйренеді. Курс аяқталған соң сертификат беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1880319-akylyna-krki-saj-miss-almaty-finalisi-z-ksibin-kalaj-asty/

pixel