RU

"Жақындасып қойдық": 7 жыл бөлесімен кездескен ару жан сырын ашты

оқушы қыз 1
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Жеті жыл бойы бөлесімен көңіл қосқан ару жан сырын ақтарды. Айтуынша, туыстары жастардың некесіне қарсы. Ал махаббатқа мастанған бойжеткен не істерін білмей жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сергелдеңге түскен ару құпиясын "Алаш айнасы" басылымына ашты.

"Жеті жылдай бөлем екеуміз жүрдік. Менің жасым 25-те, ол менен 1 жас кіші. Осыдан екі жыл бұрын екеуміз бір-бірімізді ұнататынымызды айтып, ата-анамызға білдіріп көрген едік. Үзілді-кесілді қарсы болды. Сол оқиғадан кейін біраз уақыт кездеспей қойсақ та, уақыт өте қайтадан кездесіп бастадық",- деді бойжеткен.

Қыздың айтуынша, бастапқыда екі жастың кездесіп жүргеніне ересектер аса мән бере қоймаған. Олар мұны туыстық жақындық деп есептеген болса керек.

"Бірақ, осы уақыт ішінде бір-бірімізге бауыр басып қалдық. Бір-екі рет жақындасып та қойдық. Бұрын балалық дегенімізбен, уақыт өте екеумізде де шын сезім екеніне көзіміз жетті. Ол "Қосылып, астанаға кетіп қалайық. Бәрібір ешкім той жасап бермейді" дейді. Оған мен қорқақтай беремін. Барлық туысқа қолды бір сілтеп кетіп қалу дұрыс емес секілді. Бірақ одан басқа адамды сүйе алмасымды, тіпті, тұрмысқа шыға алмасымды ұқтым.

Онсыз өмірімді елесте алмаймын. Онсыз өмірімнің мәні де, сәні де қалмағандай. Қысқасын айтқанда, мен оны ойламаған күн де, түн де жоқ. Арасында көңілімді бөлейін деп басқа жігіттермен де араласып көрдім. Бірақ, аңсарым соған ауып тұрады",- деп ағынан жарылды бойжеткен.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан үш жыл бұрын әкесінен айырылған ару жан сырын айтқан еді. Ол анасы марқұм әкесінің досымен төсектес болып жүргенін жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880322-zakyndasyp-kojdyk-7-zyl-blesimen-kezdesken-aru-zan-syryn-asty.html