RU

18+: Күн сайын жыныстық қатынасқа түсудің пайдасы қандай

Төсек қатынасы
Көрнекі фото: ВКонтакте

Әйел мен еркекке ең жақсы әсер ететін - жыныстық қатынас. Ақша да, қызмет те, басқа да емес, тап осы төсектегі тәннің жақындығы. Ол көңіл-күйді көтеріп, артық салмақтан арылтады, денсаулықты нығайтып, өмірге деген құштарлықты арттырады деседі мамандар. Тәннің қалауын орындап, оргазмнің дәмін сезе алғандар басқаларға қарағанда көбірек бақытты болады екен деп жазады KAZ.NUR.KZ Ernur.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыныстық қатынас – өмір сүруді оңайлатады

Аз ғана уақытқа болса да, жыныстық қатынасқа түскен адамның есінен тұрмыстық түйткілдер шыға тұрып, әлемнің әділетсіздігін бір сәтке ұмытады. Күн сайын кемінде 10 минутқа қиындықтарды, уайым мен қайғыны ұмыта тұрсаңыз, өміріңіздің соңына дейін қанша сағат боларын есептеп көріңізші?! Өміріңізді әлдеқайда жеңілдетуге көмектесетін жыныстық қатынастан сондықтан да бас тартпаған дұрыс.

Жыныстық қатынас жасартады

Осы жағын зерттегендер сексуалды белсенділік, анығын айтқанда, көрпені күнде "бүлкілдететіндер" өздерін күні бойына жақсы сезініп жүретінін алға тартады. Сонымен қатар, күн сайын құшағы айқасатындар басқаларға қарағанда 10 жылға жас көрінеді екен.

Жыныстық қатынас иммунитетті жақсартады

Әсіресе, дәл қазір, күз мезгілінде ерлі-зайыптылар бір-біріне жақынырақ жатып, бір көрпе жамылғаны әрі құшақтарын жиі айқастырғаны дұрыс болады. Жыныстық қатынас кезінде ағзаның қорғаныс қабілеті 90%- ға жоғарылап, анау-мынау тұмауға бой бермейді.

Жыныстық қатынас тәнді демалдырады

Төсек ләззатынан соң дене балбырап, босаңсып, бірден ұйқыға тартатыны белгілі. Мұндайда ұйқы да тыныс, бесікке бөленген сәбидей қамсыз болатыны да бар. Ал бұл – тәннің, ағзаның рахаттана демалуы деген сөз. Күн сайын осылай демалған тән жасармағанда қайтсін?!

Жыныстық қатынас бақытты етеді

Тікелей мағынада осылай. Жыныстық қатынас кезінде бөлінетін дофамин атты заттың жанама аты – "бақыт гормоны". Сонымен қатар, "ләззат гормоны, тоят табу гормоны" деп те аталады. Ал ағзасынан мұндай гормондар күнде бөлінген адам күні бойы бал-бұл жанып, қуаттанып, энергиясы тасып жүреді емес пе? Күні бойына күлімсіреп жүрудің өзі неткен ғажап?!

Жыныстық қатынас миға пайдалы

Қан қысымы жоғары болатын адамдар үшін де жыныстық қатынас - керемет профилактика. Яғни, қын қысымының жоғарылауының алдын алуға жыныстық қатынастың қосар үлесі мол. Оқымыстылар да мұндай дерті тым белсенді емес, бірқалыпты әрекеттегі жыныстық қатынастан ләззат алып тұруға кеңес береді.

Айта кетейік, осыған дейін әйелді жүкті ету үшін ер адамдар қандай тамақ ішу керегін жазған едік.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1880332-18-kn-sajyn-zynystyk-katynaska-tsudi-pajdasy-kandaj.html