Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды жолдарына қойылған блок-бекеттер тұрғындарды шошытты

Опубликовано:

Тас жол
Фото: Видеодан кадр

Әлеуметтік желі қолданушылары Нұр-Сұлтан-Қарағанды ​​тас жолына қойылған бетон блоктар бейнеленген видеоны талқылауда. Олардың кейбірі қаланың жуырда жабылатынын болжады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, 19 қазаннан бастап расымен де Қарағанды ​​облысында санитарлық посттар құрылған.

Алайда, бұл қалаға кіруге не шығуға тыйым салынады дегенді білдірмейді.

"19 қазаннан бастап облыс ауданы бойынша сегіз санитарлық пост пайда болады, онда полиция қызметкерлері мен дәрігерлер кезекшілік етеді. Жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулығын дәрігерлер полиция қызметкерлерімен бірге тексереді. Бақылауға термометрия және анкета толтыру кіреді", - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Бекетттер Жезқазған, Приозерск, Ұлытау, Нұра, Бұқар-Жырау, Қарқаралы аудандарында және екеуі Осакаров ауданында орнатылды.

Қазіргі уақытта облыстың карантинге жабылатыны туралы ақпарат жоқ. Жүргізуші мен жолаушылардың денсаулығы жақсы болса, бекеттер жол жүруге кедергі болмайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылданды.

19 қазаннан бастап облыстың периметрі бойынша өңірде сегіз санитарлық бекет пайда болады, онда полиция қызметкерлері мен дәрігерлер кезекшілік етеді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы мен Жамбыл облысында карантин шаралары күшейтілгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880343-karagandy-zoldaryna-kojylgan-blok-beketter-trgyndardy-sosytty/

pixel