RU

Қазақстанда ПТР тест бағасы қаншалықты арзандады

ПТР тестілеу
Фото: NUR.KZ

Қазақстанда INVIVO зертханалық желісі мен "Олимп" медициналық орталығында ПТР тестілеудің бағасы 9 мың теңгеге дейін арзандады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен клиникалық диагностикалық зертханалар тиісті актіге қол қойды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"INVIVO зертханалық желісі мен "Олимп" медициналық орталығында ПТР тестілеу бағасы 9 мың теңгеге дейін төмендетілді. Бұл бастама карантин кезіндегі әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетеді", – делінген хабарламада.

Қазіргі кезде INVIVO зертханалық желісінің ресми сайтында коронавирусқа арналған ПТР тестің бағасы 9 мың теңге тұртыны көрсетілген деп жазады Sputnik Қазақстан. Ал "Олимп" сайтында баға әлі жаңартылмаған. Яғни, соңғы рет 13 қазанда төмендетілген баға – 12 320 теңге өзгеріссіз қалған.

Айта кетейік, сәуір айында жеке клиникалардағы ПТР тестілеу құны 20 000 теңге болған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айының басында коронавирусты тестілеу құнын төмендетуді тапсырған.

Сол күні кешке денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Бағдат Қожахметов бұл тапсырма денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндіктерінен тыс екенін айтты. Соған қарамастан, ол Қазақстанда ПТР бағасының төмендейтініне сенім білдірген.

Қазақстанның монополияға қарсы комитеті компанияларға ПТР бағасын 8000 теңгеге дейін төмендетуді ұсынды. Кейіннен агенттік төрағасы Серік Жұманғарин монополияға қарсы органдар ПТР сынақтарының бағаларына бақылау жасай бастады деп мәлімдеді. Сарапшылар талқылауында пікір білдірген ол:

"Бұл тергеу емес, жәй ғана үстірт бақылау", – деді.

Айта кетейік, Лондон университетінің колледжі мен Корольдік ұлттық комитеттің ғалымдары коронавирустың жаңа симптомын атады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880344-kazakstanda-ptr-test-bagasy-kansalykty-arzandady.html