RU

Қалалық балалардың иммунитетін қалай көтеруге болады

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Хельсинки университетінің ғалымдары қалада өскен балалардың иммундық жүйесі әлсіз болатынын анықтады. Олар қалалық балалардың иммунитетін қалай көтеруге болатынын айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ғалымдардың сөзіне сенсек, қалалық балалар өсімдіктердің табиғи шаңына, кірі мен тозаңына сирек ұшырасады. Сондықтан ғалымдар балаларға жоғарыда айтылғандардың бәрімен балалардың өзара әрекеттесу мүмкіндігін беріп, бұл жайт олардың иммунитетіне қалай әсер ететінін тексереді.

Зерттеушілер бір ай бойы ойын алаңдарындағы балалардың екі тобын зерттей келе табиғи ортаның иммундық жүйеге өз әсері барын анықтады.

Бірінші топ қарапайым ойын алаңында ойнаса, екінші топ орманнан әкелінген жас ағаштар мен табиғи шаң-тозаңның ортасында ойнаған. Тәжірибе көрсеткендей, "орман" тобындағы балалардың иммундық жүйені нығайтуға жауап беретін жасушалары мен ақуыздарында оң өзгерістер байқалыпты.

Сондай-ақ, терінің пайдалы және патологиялық микрофлорасы арақатынасының деңгейі үш есеге өсіпті

Зерттеу нәтижелері америкалық Science Advances ғылыми журналында жарияланды.

Еске салсақ, бұған дейін біз коронавирус эпидемиясы кезіндегі ең қауіпті бұйым белгілі болғанын жазған едік.

Одан бөлек, ғалымдар мезгілсіз өлімнің белгілерін атағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880355-kalalyk-balalardy-immunitetin-kalaj-kteruge-bolady.html