Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұстау қиын болып жатыр: Атышулы "Дикий Арман" "Боратқа" іздеу салды

Опубликовано:

Жабайы Арман
Фото: Instagram/ armandzhumageldiev

Қылмыс әлемінде "Жабайы Арман" лақап атымен танылған қазақстандық Арман Жұмагелдиев "Боратқа" қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұмагелдиев аталған фильмнен хабардар болып шықты. Ол қазір "Боратты" іздеп жатқанын да жасырған жоқ.

"Ассаляму алейкум, қазақ халқым! "Борат" жайлы маған өтініштер көптеп келуде. Әрине, мен де болып жатқан жайттан хабардармын және менің де намысыма ауыр тиіп жатыр. Айта кетейін дегенім, бұл бізден өте алыс мемлекетте болып жатыр. Сол себепті оны ұстау қиын болып тұр. Біреулер оны Америкада десе, басқалар оны Англияда деп жатыр.

Мен ол жайлы ақпараттар іздестірудемін. "Борат" жайлы білген-естіген нақты ақпараттарыңыз болса маған жазыңыздар.

Тағы айта кетейін дегенім, мен “супермен” емеспін. Орыста мақал бар ғой, “Один в поле - не воин”. Шетелдегі болсын, елдегі болсын бүкіл қазақ бірігіп, еліміздің атына кір келтіріп жүрген "Боратты" тауып, жазасын берейік. Бәріміз бірігіп, бір жұдырықтай болсақ, Аллаһтың қалауымен кез келген жауды жеңетінімізге сенімдімін",- деді ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін "Борат-2" фильмінің шығуына байланысты мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова пікір білдірген еді.

"Екінші фильмнің шыққанын бәрі біледі. Оны елемей жүре алмаймыз. Меніңше, олар шығармашылық адам ретінде өз болмысын көрсете алады. Алайда ондай әрекет адамның ар-намысына, белгілі бір мемлекеттің атақ-абыройына нұқсан келтірмеуі тиіс", – деді Райымқұлова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда министр өзі басқарып отырған мемлекеттік органның қай кезде шара қолдана алатынын түсіндірді.

"Фильмді Қазақстанда прокатқа шығару куәлігіне өтініш берілгенде министрлік тиісті шара қолданып, қарсылық білдіре алады. Әзірше, ешқандай ресми өтініштер түспеді. Сондықтан мәдениет және спорт министрлігі шара қолданып жатқан жоқ. Бірақ Қазақстан азаматы ретінде айтарым, ол фильм менің де намысыма тиеді", – деп атап өтті Райымқұлова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880358-stau-kiyn-bolyp-zatyr-atysuly-dikij-arman-borat-turaly-mlimdeme-zasady/

pixel