RU

ШҚО-дағы полиция бөлімінде ұрлық жасап ұсталған ер адам қайтыс болды

Түрме
Көрнекі фото: acca.media

Мал ұрлады деген күдікпен ұсталған 33 жастағы ер адам Үржар ауданының Мақаншы ауылындағы полиция бөлімінде қайтыс болды. Ақпаратты ШҚО полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев растады. Ол өзінің Facebook парақшасында Ішкі істер министрлігі басшысының нұсқауымен жағдайды жеке түсіну үшін оқиға болған жерге келіп жеткенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сағат Мәдиев 33 жастағы тұтқынның Мақаншы ауылдық полиция бөлімінде қайтыс болғанын растады. Ол жерге ер адам мал ұрлады деген күдікпен әкелінген.

Қазір бұл оқиғаны ШҚО полиция басшысының өзі басқарған арнайы топ зерттеп жатыр. Азаптау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, мән-жай мұқият тексерілмек.

Марқұмның жақын туыстарының қатысуымен оқиға болған жер қаралған. Барлық қажетті сараптамалар тиісінше тағайындалыпты. Нәтижелері туралы кейінірек хабарланады.

"Үржар ауданының әкімімен бірге марқұмның отбасында болдым, туыстары мен оның достарының дәлелдерін тыңдадым, олардың сұрақтары қарастырылуда", - деді облыстың ПД басшысы.

"Менің басты ұстанымым - объективті және әділ тергеу жүргізу", - деп түйіндеді Сағат Мәдиев өз сөзін.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында ер адамның көршісінің қойын ұрлап, сорпа әзірлегені туралы жазған едік.

32 жастағы ер адам полицияға телефон шалып, малының жоғалғанын хабарлаған. Жедел қызмет бірден іске кірісіп, күдікті бірден ұсталыпты.

Белгілі болғандай, ол қожайыннң көршісі болып шыққан. Ол ұзақ кідірместен қойды бауыздап, етінен бірден сорпа әзірлеген.

Енді 37 жастағы ер адам ұрлық фактісі бойынша жауапкершілікке тартылмақ.

Сондай-ақ, Дағыстанда түрмеде отырған 6 адам жер асты жолын қазып, қашып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880364-sko-dagy-policia-bliminde-rlyk-zasap-stalgan-er-adam-kajtys-boldy.html