Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар: Тұрақты төсек қатынасына түсетіндер 15 жылға жас көрінеді

Опубликовано:

Төсек қатынасы
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлыбритания ғалымдары зерттеу жүргізе келе тұрақты түрде жыныстық қатынасқа түсетіндер 15 жылға жас көрінетінін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы dni24.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Британиялық ғалымдар кей адамдардың жас көріну себебін анықтау жолында оның төсек қатынасымен байланысы барын анықтады.

Зерттеушілер өз тұжырымын дәлелдеу үшін Англияның бірнеше қаласында мыңға жуық ересек адамнан сауалнама жүргізеді. Талданған жауаптардың нәтижесін зерттеу барысында олар тұрақты жыныстық қатынастың арқасында адамдардың өзін жақсы сезінетінін және 15 жылға жас көрінетінін байқаған.

Десе де сарапшылар мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген генетиктер әлі күнге дейін жастық пен сұлулықты егде жаста сақтаудың шынайы мүмкіндігін дөп басып таба алмай келеді.

Бірақ бұл эксперименттің авторлары тек өзіне деген сүйіспеншілік, қамқорлық және өмірден ләззат алу қабілеті жан дүниесінде үйлесімділікті сақтауға көмектесетінін айтуда. Егер адам өзін жас сезінсе, онда бұл міндетті түрде оның сыртқы келбетінен көрінеді дейді ғалымдар.

Еске салсақ, бұған дейін біз мамандар адам миына ерекше пайдалы өнімдердің тізімін жариялағанын жазған едік.

Одан бөлек, мамандандырылған фитнес-жаттықтырушы артық салмақтан арылуға көмектесетін мінсіз таңғы ас мәзірін атағанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар АҚШ дәрігерлері коронавирус дерті ер адамның әуретті жерін зақымдауы мүмкін деген болжам жасағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1880365-galymdar-trakty-tsek-katynasyna-tsetinder-15-zylga-zas-krinedi/

pixel