RU

Коронавирустан көз жұму қаупін екі есеге арттыратын фактор анықталды

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Лондондағы Империал колледжінің зерттеушілері коронавирустан көз жұму қаупін екі есеге арттыратын факторды атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы centralasia.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүйрек ауруы коронавирус инфекциясынан көз жұму қаупін екі есеге арттырады екен.

Ұлыбритания ғалымдары 10 наурыз бен 23 шілде аралығында Лондон мен Бирмингемдегі төрт медициналық мекеменің жансақтау бөліміне коронавирус диагнозымен жатқызылған 372 науқастың мәліметтерін талдаудан кейін осындай қорытындыға келді.

Атап айтқанда, 216 науқаста коронавирустан бөлек, бүйрек аурулары тіркелген. Оның ішінде 107-сі көз жұмса, қалған бүйрек патологиясы жоқ 156 науқастың ішінен 32 адам қайтыс болған.

Британиялық ғалымдар мұны коронавирустың организмге әсерімен және ауруды емдеуде бүйрекке ауыр тиетін дәрілерді қолданумен байланыстырып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін біз коронавирус кезінде әлем елдері үйлену тойын қалай өткізіп жатқанын жазған едік. Тойдың суреттері көпшілік назарына ұсынылған.

Одан бөлек, Мәскеуде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталғанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, Қазақстанда INVIVO зертханалық желісі мен "Олимп" медициналық орталығында ПТР тестілеудің бағасы 9 мың теңгеге дейін арзандатқанын жазған едік. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен клиникалық диагностикалық зертханалар тиісті актіге қол қойғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880370-koronavirustan-kz-zmu-kaupin-eki-esege-arttyratyn-faktor-anyktaldy.html