Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ерен ерліктің үлгісін көрсетіп келесіздер": Тоқаев құтқарушыларды мерекемен құттықтады

Опубликовано:

Тоқаев1
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы президенттің Twitter-дегі ресми аккаунтына сілтеме жасап.

"Еліміздегі құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздер қиындыққа ұшырағандарға көмек беріп, ерен ерліктің үлгісін көрсетіп келесіздер. Құтқарушылардың түрлі апат салдарын жоюға сіңірген еңбегі зор. Қайта құрылған министрлік қызметкерлеріне табыс тілеймін!", – деп жазды Тоқаев.

Еске салсақ, мемлекет басшысы реформалар жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы қашан өтетінін айтқан болатын. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Сергей Шойгуді І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Айта кеткен жөн, мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдаған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалау қорытындысымен танысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880374-eren-erlikti-lgisin-krsetip-kelesizder-tokaev-ktkarusylardy-merekemen-kttyktady/

pixel