RU

Түркістан облысында ер адамды аяусыз өлтіріп, денесін өртеп жіберген

Күдікті
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының тұрғыны жұмыстан көлігімен шығып, жоғалып кеткен. Туыстары полицияға арыз жазған соң біршама уақыттан кейін оның көлігі, артынша жанып кеткен денесі табылды. Тәртіп сақшылары қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікке ілінгендерді ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Ордабасы ауданының тұрғыны полицияға шағым түсіріп, ағасының жоғалып кеткенін айтқан.

Ол бауырының Mazda-626 көлігімен жұмыстан шығып, бірақ сол күйі үйге жетпегенін мәлімдейді.

Тәртіп сақшылары жоғалған адамды дереу іздеуге кіріскен. Олар оның өртеніп кеткен көлігін Шымкенттің шетінен тауыпты.

Біраз уақыттан кейін жүргізушінің өртенген денесі Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылының маңындағы егістіктен табылған.

Сақшылар қылмыс болған жерді, марқұмның өмір салтын, әлеуметтік ортасы мен таныстарын мұқият зерттеп, аумақты тінтіп, ықтимал куәгерлермен сұхбат жүргізеді.

Бір аптадан кейін күдіктілермен бірге Жамбыл облысынан келе жатқан ВАЗ көлігі тоқтатылып, 4 жігіт ұсталған.

Анықталғандай, олар Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Күдіктілердің барлығы бұрын бірнеше рет сотталған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 33 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны бұрынғы сүйіктісінің көлігін өртеп жіберді деген күдікке ілінген еді.

Бөтен мүлікті қасақана жою бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Бұрын істі болған 33 жастағы азамат тергеу изоляторына жіберілді. Ол автокөлік иесімен таныс болған.

Айта кеткен жөн, Өскеменде таныс қызының көлігін өртеп жатқан азамат камераға түсіп қалды. Қазір оның қолға түскені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880378-trkistan-oblysynda-er-adamdy-aausyz-ltirip-denesin-rtep-zibergen.html